13.09.2019
Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдері апталығы аясында «Атбасар қаласы №1 орта мектебі» КММнің 6-7 сынып оқушылары арасында «Полиглот» зияткерлік викторинасы өткізілді. Шығармашылық шара оқушылардың тілдерді үйрену деңгейін арттыру, патриотизм мен азаматшылыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Викторина әр түрлі деңгейдегі 6 конкурстан құралды. Шара алдында біздің Отанымыз–Қазақстан туралы бейнеролик көрсетілді. Конкурстар барысында оқушылар өздерінің қызығушылықтары туралы үш тілде әңгімелеп берді. Слайд прзентациялары арқылы кең -байтақ еліміз, оның сұлулығы жайлы әңгімеледі. Қазақ, орыс, ағылшын, дүнген, шешен, украин, ингуш, татар тілдерінде мәнерлеп оқылған өлеңдер көрермендерді әсем айшығымен, сан аулуандығымен баурап алды. Әр түрлі тілдегі нақтылық пен тіл тазалығы сақтала өткен жаңылтпаштар жарысында жиналғандарды таңқалдырумен қатар, бірегейлігімен, қызықтырды. Конкурстар арасындағы үзіліс кезінде көрермендермен, қонақтармен қазақ халық ертегілерін, орыс жұмбақтарын, ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдерді білуге байланысты ойындар өткізілді. Шара шығармашылық Мероприятия прошло в творческой атмосферада өтті, оған қатысушылар мен жүргізушілердің дайындықтары жақсы екені ерекше аталып өтілді.
Щербак А.Н.