«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2019-2020 оқу жылының «Атбасар қаласы №1 орта мектеп» КММ ҚР Тілдер Күніне арналған онкүндігінің есебі

16.09.2019

«Атбасар қаласы №1 орта мектеп» КММ  ҚР Тілдер Күніне арналған іс-шаралар жоспары құрастырылып, ол қазақстандық патриотизм мен азаматты қалыптастыруға бағытталды.
5-қыркүйекте мектеп залында мерекелік көңіл –күймен Тілдер онкүндігінің ашылу салтанаты өтті. Жүргізушілер 9-сынып оқушылары Габдулхакова Альбина мен Канафинова Диана 5-11 сынып оқушыларына Тілдің маңыздылығы туралы айтып, оның барлық ұлттың бейбіт өмір сүруіне ықпал ететініне тоқталды. Алғыс сөз тіл мәдениетін жоғары қойған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының үзіндісімен  ашылды.
    Қазақстан халықтар биі,патриоттық өлеңдер оқу,бейнеэпизодтар ,әндер-барлығы онкүндіктің ашылуына үлкен мерекелік көңіл-күй сыйлады.
    Мектептің дәлізінде эстетикалық ұйымдастырылған көрме соған дәлел. «Тіл- қоғамның негізі» атты көрме қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде тілдің байлығы мен тарихын аша отырып, лингвистикалық сайыстарға қатысуға әсер етті.   Салауатты өмір салтын сақтау негізінде ұлттық ойындар ұйымдастырылып,оқушылармен  дене шынықтыру мұғалімдері өткізді.Әр эстафетада достық жеңіп отырды.Балалар қызықты, шынайылықпен қазақша қатысушыларды қолпаштап,сайысты.
     Барлық сыныптарда 9-қыркүйекте «Тіл - достық көпірі»атты сынып сағаттары өтті.3 «Б» сыныпта ашық сабақ үш тілде өткізілді.
12-қыркүйекте «Поэзия –тілдің шыңы»атты Абайдың 175жылдығына орай әдеби кеш ұйымдастырылды.Оқушылар ақынның «Айттым сәлем,Қаламқас»әнін хормен орындады.Үш тілде өткізілген кеш өте көңілді және тартымды болды.
13-қыркүйекте үш тілде викторина ұйымдастырылды.16-қыркүйекте «Тіл туралы Заңның орындалуы – Қазақстанның интегралды кеңістіктегі айқын көрінісі »атты Форумға 10-11-сынып оқушылары қатысып, тілдің қоғамдағы орны мен қолданысы жайлы пікірталас жүргізді.
Тілдер апталығының салтанатты жабылуы ән мен күй, мәнерлеп оқумен аяқталды. 

№1 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ жетекшісі Исина Г.Р.

Просмотров: 639


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст