16.09.2019
26 тамыз - 6 қыркүйек аралығында маған: «Обеспечения преемственности содержания дошкольного воспитания и обучения и начального образования в условиях новой парадигмы образования» тақырыбы бойынша, 72с. «Өрлеу» ҰБАО да біліктілік арттыру курсынан өту мүмкіндігі ұсынылды, Курс бағдарламасы білім беру парадигмасын зерделеу жағдайында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен бастауыш оқытудың мектеп алдындағы тәрбилеудегі сабақтастығы мен тәрбиешілердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталды. Курсты ұйымдастыру барысында: тыңдаушылармен: мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту; мектепке дейінгі мекеменің ересек тәрбиеленушілерін мектепалдындағы дайындау үдерісін психологиялық-педагогикалық қоштау; ұйымдасқан оқу қызмет дағдыларын ұйымдастыру кезінде заттық –дамытушы ортаны қалыптастыру, дамыту; білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сабақтастығын қамтамасыз ету тәрізді Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы мемлекеттік саясатының басты басымдықтары мен бағыттары зерделенді.
Гуляко Л.А.