17.09.2019
17 қыркүйек күні «№ 1 орта мектеп» КММде: «Структурно-содержательный и методический аспект предмета «Самопознание» тақырыбына «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдерінің облыстық семинары өтті.
«ҰБАО» АҚ Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» ПҚ БАИ филиалының тренері Басболатова Алма Рахметулловна мен Атбасар ауданы білім бөлімінің басшысы Наймушина Наталья Георгиевна семинар жұмысы табысты болып шығармашылық жағдайда өтсін қатысушыларға игі тілектерін білдірді. «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері ӘБ жетекшісі Альбрехт Т.Р. және 7 сынып оқушыларымен дайындалған «Бес ақиқат» - «Пять истин» атты көркем композициядан кейін семинарға қатысушылар жоспарланған көптеген шараларға қатысты: «Будь человеком» тақырыбына өзін-өзі танудан 4 – А сыныпта ашық сабақ - Маркер Л.М., «Проектная деятельность на уроках самопознания» - Поляковская Е.И.- мастер – класс, «Родительско – детская любовь» атты сыныптан тыс шара - Старцева Т.А.
Семинарға қатысушылар мен тыңдаушылар назарына «Өзін-өзі тану» пәнін кіріктірудің тереңдетілген жолдары мен әдістері ұсынылды. Семинардан білімі толығып, қанаттанған «өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдері алған тәлім-тәжірибелерін іске асыру үшін сыныптарына асықты.
«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері ӘБ жетекшісі: Т.Р.Альбрехт