17.09.2019
17 қыркүйек күні 2 «Б» сыныпта «Менің Отаным-Қазақстан» атты сынып сағаты өткізілді. Балалар Қазақстан бойынша сырттай саяхатқа қызыға қатысты. Сынып сағаты гимнмен басталды. Одан кейін балалар арасында «Что такое Родина?» тақырыбына 5 минуттық пікірталас өтті. Содан соң біз Қазақстан бойынша сырттай саяхатқа аттандық. Танымдық материал 2 –ші сынып оқушылары тек тыңдап қана қоймай, фактілерді салыстыруға, логикалық ойлауға, елгезектік пен тапқырлық таныта білуге бағытталып іріктелді. Балаларға «Патриот своей страны» атты викторина ұсынылды. Оқушылар қойылған сұрақтарға бар ниеттерімен жауап берді.
Шара өту барысында қызметтестік пен өзара түсіністік атмосферасы орнады. Оқушылар өз ойларын еркін айтып, сөйлемдерді дұрыс құрай білді. Олар өз туған өлкелері туралы көптеген қызықты, тарихи деректерді білді.
Смагулова Г.К.