18.09.2019
17 қыркүйек күні, Тілдер апталығы аясында 2 «В» сыныпта «Мы и языки» атты сыныптан тыс шара өткізілді, оның мақсаты қазақстанның бас қаласы Нұр – Сұлтан туралы білімдерін қалыптастыру, патриотизмге тәрбиелеу және Отанға құрмет, түрлі ұлт халықтарының арасындағы өзара сыйластық сезімдеріне баулу болды. Джон Кеннедидің: «Не спрашивай, что страна может сделать для тебя, а спрашивай, что ты можешь сделать для страны» сөздері шараның басты ұраны.
Шара барысында 2 «В» сынып оқушылары әр түрлі тілдерде өлеңдер оқыды, сөзжұмбақтар шешті, сөздер құрастырды, ол сөздарды қазақ және ағылшын тілдеріне аударды, содан кейін бұл сөздердің мағыналарын интернет- сөздіктен қарап білді. Оқушыларды «Бәйге» ойыны қатты қызықтырды, оның барысында оқушылар әр түрлі тілдердегі мақал-мәтелдерді қаншалықты көп білетіндерін көрсетті. Барлық тапсырмалар біздің еліміздің таримхымен байланысты болды. Балалар ұлттық тағамдар, ұлттық валюта, республикасмыздағы басты қалалар туралы білгендерін ортаға салды. Қатысқан мұғалімдер: Макажанова К.Г., Альбрехт Т.Р. – қорытынды жасап, балаларды жеңістерімен қазақ және орыс тілдерінде құттықтады. Оқушылар Омербаева Анеля мен Аделя «Халықтар достығы» биін биледі. Шара соңында 2 «В» сынып оқушылары «Ты да я, да мы с тобой» әнін орындады.
Ларионова Т.В. - сынып жетекшісі.