2022 жылғы 16 маусымда Көкшетау қ. «Болашақ» балалар мен жасөспірімдер сарайында Ақмола облысының әкімі Е.Б. Маржықпаев Ақмола облысы мектептерінің түлектері арасындағы «Алтын белгі» иегерлеріне құрмет көрсетті.
Балалар жылы аясында 270 ақмолалық түлекке өңір басшысының төсбелгілері мен 100 мың теңге ақшалай сыйлығы табысталды. Бұл балалардың арасында №1 орта мектептің түлектері: Қайроллаева Дария, Голубоева Вероника болды.
Бұл төсбелгінің иегерлері мектептегі оқу барысында, түрлі байқаулар мен іс-шараларда үздік білімдерін көрсеткен оқушылар болды.
Ермек Маржықпаев өз сөзінде Алтын белгі иегерлерін мектепті сәтті аяқтауларымен құттықтап, алдағы уақытта да таңдаған мамандықтарында табыс тіледі.
Түлектер, ата-аналар назарына мерекелік концерт ұсынылды
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Утеуова А.Б