Текст
Бүгін, 2022 жылдың 17 маусымында жазғы мектеп өз жұмысын аяқтады. Оқыту кезеңінде балалар білімдерін шыңдап, олқылықтардың орнын толтыруға мүмкіндік алды. Жұмыс оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырылды. Тәрбие жұмысын осылай ұйымдастырғанда оқушылардың білім сапасы артады, пәнге деген қызығушылығы артады. Бұл оқушылардың танымдық қызығушылығын, дербестігін, оқу-тәрбие жұмысының мәдениетін дамытуға, пән бойынша алған білімдерін жүйелеуге, жалпылауға және тереңдетуге, практикада қолдануға мүмкіндік береді.
Жазғы мектеп – жаңа оқу жылына дайындалудың тамаша тәсілі.
Смагулова Г.К.