«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Артта қалған ұмытылмас мектеп жылдары, алда - бүкіл өмір ...

18.06.2022

Үмітке толы, есейген күннің сынына төтеп беруге дайын жастар– Атбасар қаласындағы N1 жалпы білім беретін  мектебінің 16 түлегі мектеп бітіру туралы аңсаған құжатын алу үшін мектептің кең әрі салтанатты безендірілген  ауласына жиналды. Түлектер соңғы рет мектеп қабырғасында еліміздің Әнұранын шырқады, сондықтан да болар, олардың әрқайсысы үшін салтанатты әрі патриоттық сезімге толы болды.

туған мектептің жайлы да салтанатты  ауласы  күлімсіреген жылы жүздер  мен  көздің жауын алатын гүлдер теңізіне оранды, қуаныш пен сәл де болса  мұңның көз жасы, алғыс сөздер мен музыка әуеніне тағы да толды. Ол «білім атмосферасындағы»  ерекше сәт.

Мәртебелі қонақтардың, ата-аналардың, ұстаздардың қатысуы түлектердің көңіл-күйін олардың өмірлерінде өтіп жатқан шараның салтанаттылығымен және маңыздылығымен толықтырды. Түлектерге алдағы сапардағы табыстары туралы құттықтау сөз сөйлеген Атбасар ауданы әкімінің орынбасары А.М.Бегалинов  және Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің бас маманы Абдрахманова Г.Т., мектеп директоры Бекова Л.Г.   өз сөздерінде барлық жоспарлардың жүзеге асуына, білім алудың жалғасуына, табысты мансап және үлкен кәсіби болашаққа деген шынайы тілектерін  білдірді

Әрине, түлектер үшін ең қызықты да  толқулы  сәт жалпы орта білім беруді аяқтау туралы көптен күткен құжат – аттестаттарды тапсыру болды. Ерекше сезімге бөленген қыз-жігіттер асқан толқыныспен қолдарына аттестаттарын  алды. Жалпы білім туралы  «Алтын белгі» аттестатының иегерлері Голубоярова Вероника мен Кайроллаева Дарияның жүздері ерекше қуаныш пен қол жеткізген мақсаттың нәтижесінен  нұрланды. Сынып жетекшісі Л.А.Тугованың шәкірттеріне өздеріне, қайталанбас күштеріне сенуге, өзгелердің құрметіне, өз мемлекетінің құрметті азаматтарына лайық болуға шақырған үндеуі жүрекжарды, әсерлі болды.

Салтанатты шараның қорытынды кезеңі – игі де жарқын дәстүрге айналған түлектер  вальсі. Түлектер соңғы мектеп вальсіне барлық сұлулық пен әсемдікті көрсетті, ал сиқырлы музыка мен жеңіл жазғы самал жеңіл және сәтті «ертеңгі күн» туралы армандарға жетелеп,  шабыттандырды.

Просмотров: 394


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст