«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Атбасар ауданындағы әдістемелік күн

21.09.2019
19 қыркүйек 2019 жылы білім басқармасының әдіскерлер тобы Атбасар ауданы білім беру ұйымдары директорларының  оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасарларымен  Мемлекет басшысының Жолдауын және білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбиелеу бағдарламасының мазмұнын түсіндіру мақсатында «Атбасар ауданы білім бөлімінің Атбасар қаласы №1орта мектебі» КММде кездесу өткізді.  Білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің директоры- Баймакова Жанаргуль Даулетовна Қазақстан Республикасының  орта білім беру ұйымдарында 2019 – 2020 оқу жылындағы  оқу-тәрбиелеу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерімен таныстырды.  
Тәрбие жұмысы бойынша әдіскер  Кажигалиева Шолпан Калиевна Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Токаевтың  Қазақстан халқына  жолдаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауына, жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және. Жалпыбілім беретін ұйымдардағы тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері мәселесіне тоқталды 
ОӘК мектеике дейінгі және орта білім беру бөлімінің басшысы Баганалинова Раушан Болатовна 2019-2020 оқу жылындағы оқыту-тәрбиелеу үдерісін  нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, МЖБС мен оқу жоспарлары, 10-шы сыныптардағы білімдік үдерісті ұйымдастыру ерекшеліктері,  «АКТ» және  «Информатика» пәндерін оқыту бойынша  үлгілік бағдарламаға көшу кестесі, «Кәсіпкерлік және бизнес негізі», «Графика және  жобалау»,  ҒТжӘД жаңа пәндерін енгізу мәселелеріне жан-жақты  талқылап берді. 
Отырыс соңында  ағымдағы мәселелер талқыланып шешімін тапты және отырыс қорытындысы жасалды.
 
Батченко О.Н.
 
 
 
 
 
 
Просмотров: 653


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст