23.09.2019
№1ОМте оқушылардың кітап оқуға қызығушылықтарын арттыруға бағытталған әр түрлі шаралар өткізіледі. Буккроссинг оқушылар арасында қызу қолдау тауып, барынша танымал болуда.
Буккроссинг деген не? Буккроссинг—қоғамдық қозғалыс, уақыт пен кеңістік шекарасына шек қоймайтын бейресми кітап алмасу. Қозғалыс ұраны – «кітапты еркіндікке жібер» -«отпусти книгу на свободу». Буккроссинг «оқып ал да, басқа біреуге бер»-«прочитал — отдай другому» принціпіне негізделген. Бұл адамдардың кітапқа және кітап оқуға деген құбылмалы қарым-қатынасы. Оның идеясы—еш пайдасыз жатқан кітаптарды шаң басқан сөрелерден «босату», бүкіл әлемді «орасан зор кітапханаға» айналдыру".
Біздің мектебімізде оқушылардың өзара кітап алмасуы үшін көрме-стеллаждар дайындалған. Буккроссинг сөрелері бастауыш сынып оқушылары үшін мектептің бірінші қабатындағы рекреацияда, ал орта және жоғары буын оқушцлары үшін мектеп кітапханасында орналасқан. Біздің мектептің оқушылары осы қоғамдық қозғалысты белсенді қолдайды, кітап сөрелерін түрлі кітаптармен, көркем шығармалармен, орыс және шет ел, фантастикасымен және поэзиясымен классикасымен қызыға толықтырады. Мектеп кутап алмасу қозғалысы дамып, барынша танымал бола түсуде. Буккроссинг – бұл қызықты!
Конурбаева Д.А.