«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

XXI ғасырдағы Қазақстандық ата-аналар: «Өз балаңа өнеге бол»

25.09.2019
Мектеп  – ғимарат емес, кабинет емес,  озық көрнекі үгіт орны  емес. 
Мектеп  – үшеуді- баланы, мұғалімді,  ата-ананы бірден баурап алатын асқақ рух, арман, идея-дәл осы жерде іске асырылады
                
А.А. Захаренко
 
24 қыркүйек күні “Атбасар қаласы № 1 орта мектебі» КММ де XXI ғасырдағы Қазақстандық ата-аналар: «Өз балаңа өнеге бол» 
тақырыбына жалпымектептік ата-аналар конференциясы өткізілді. Жиналыс модераторы, мектеп директоры   Бекова Любовь Герихановна конференцияға қатысушы ата-аналар, педагогтар алдында сөз сөйлеп, бала тәрбиесі отбасынан басталатынын, оның қай заманда да өзекті проблема болып табылатынын атап өтті. Дәл осы арада, балаға қолдау көрсету, көмек беру, тәрбиелеу ісінде  ата-ана өз баласы үшін үлгі-өнеге болуы керектігі даусыз.
Отбасы–әр баланың қанаттанатын, тәрбиені талшығынан бастайтын, тәлімнің нәрін бойына сіңіретін орын.Бүгінгі күні көптеген елдің білімдік жүйесі  алдында мектеп жасындағы балалардың оқығы келмеуі тәрізді проблема тұр. Балалардың бойында тылсымды білу, сезіну, үйрену, жаңалық ашу т.б. оқуға деген ниет әу бастан  табиғи қалыптасатыны  жалпыға белгілі, сондықтан осы ниетті үнемі дамытып, қоштап, құлшындырып,  мотивациялау керек. Баланың бойында шабыт әрдайым бар екенін, бірақ, ол белгілі бір қызмет аясында ғана көрінетінін  естен шығармау керек. Ал өскелең ұрпақ қызметінің басты саласы – оқу. Бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі  Позднякова Т.В., оқушылардың оқуға мотивацияларын арттыру мәселесіне тоқталды.
Бала дамуында отбасының қаншалықты рөл атқаратынын бәріміз білеміз. Тек отбасында балалар адамгершілік әліппесін меңгереді, оның мінез-құлқы еңбексүйгіштік туралы түсінігі  тағы көптеген қасиеттері қалыптасады. Сондықтан, ата-аналармен  педагогтардың өзара  қызметтестігі  жас ұрпақты тәрбиелеу-оқытуға бағытталуы тиіс. Бастауыш сынып мұғалімі Смагулова Г.К өмір туралы, заманауи отбасы туралы, отбасылық тәрбиелеу стилі туралы ата-аналар қауымдастығымен ой бөлісті. Сынып жетекшілерінің ата-аналармен өзара қызметтестігі жайлы 7 «А» сынып жетекшісі  Утеуова А.Б. айтып берді.
Білім алушыны тәрбиелеудегі ең маңыздысы – ата-ананың баласымен рухаи байланысына, бірлігіне, адамгершілікке   қол жеткізу. Бала – жанып тұрған от! Ол ата-анасымен ортадағы тығыз  достықта, жолдастықта,  қызу қызметтестікте, ортақ жігерде, өзара түсіністікте алаулайтын жалын. Осы жалынның алауын педагогтар  ата-аналармен қызметтестікте бола отырып  реттейді. 
 
 
 
 
 
 
Просмотров: 528


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст