Текст
27 маусым күні мектептегі «Балапан» ойын алаңқайы өз жұмысын жалғастырды. Балалар үшін «Менің кім екенімді тап», «Өзің туралы айтып бер» атты таныстыру ойындары ұйымдастырылды. Ойын барысында балалар бір-бірімен жақынырақ танысып, қызығушылықтары мен іс-әрекеттері туралы әңгімеледі. Балалар ойын арқылы жағымды эмоцияларға ие болып, жақсы көңіл-күймен маусымның ашылуына дайындалуға кетті.