Текст
2019 жылдың 26 қыркүйегі күні « №1орта мектеп» КММде үстел үстіндегі теннистен мектепішілік жарыс өткізілді. Жарысқа қатысам деп ниет білдірген 5 - 11 сыныптардағы кез келген ұл мен қыздың жарысқа қатысу мүмкіндігі болды. Бүгінгі күні 10 –шы сыныптың 6 қызы додаға түсті Үстел үстіндегі теннис бойынша жарсқа барлығы 10 адам қатысып, күшін сынады. Жарысты ұйымдастырушы –денетәрбиесі мұғалімдері Тугова Лариса Антоновна мен Шпиц-Берг Марина Фёдоровналар Абаев Изноврдың (10 сынып), Райле Сергейдің (10 сынып), Пигаль Татьянаның (9 «А» сынып), Комбатуров Нұрболдың (10 сынып) техникалық шеберліктерін атап өтті. Үздік теннисшілер аудандық жарыстарға қатысатын болады. Біздің теннисшілерімізге жетістік тілейміз!