27.09.2019
Сенбілік – ең алғашқы кезекте тазалық пен тәртіптің және көтеріңкі көңіл-күйдің мерекесі. Әдеттегі міндеттерін кейін қоя тұрып, мектеп мұғалімдері 5-11 сыныптардың оқушыларымен мектеп маңайын жинастыруға шығып, төңіректі тап-тұйнақтай етіп жинастырды.
Сыпырғыш, тырнауыш тәрізді жұмыс құралдарын қолдарына алған барлық ұжым мектеп маңайын жинастыруға қызу крісті: жерге түскен жапырақтарды жинастыржды, мектептің маңайы мен оған жақын орналасқан төңіректі, жолдарды ретке келтіріп, қоқыстардан тазартты.
Таза ауада жасалған жұмыстар барлығына зор пайда келтіріп, шат көңіл мен өз еңбегінің нәтижесіне сүйсініс сыйлады. Сенбілік кезінде мектеп маңайы тазарып қана қоймайды, сонымен қатар оның басты пайдасы –қала игілігіне атқарылатын жұмыстарда адамдардың басын біріктіреді. Мектеп маңайының таза болуы – әр оқушының, әр мұғалім мен жұмыскердің атқарған еңбегінің нәтижесі екенін адамдар түсінуі керек. Сенбілік көңілді әрі өнімді, олай-былай өтіп жатқан әр адамға өнеге боларлық жағдайда жақсы өтті.