29.09.2019
«Атбасар ауданының білім бөлімінің Атбасар қаласы № 1 орта мектебі» КММ оқушыларына Бурабай ауданынің «Звездный» БСОда өткен. «Туған елге тағзым» экологиялық-туристік-өлкетанушылық облыстық фестиваліне қатысу бақыты бұйырды. Аталмыш шараның мақсаты–мектеп оқушыларының экологиялық-туристік-өлкетанушылық құзыреттіліктерін қалыптастыру, Ақмола облысының жастары арасында туристік ресурстарды танымал ету, туған өлкесін, жергілікті халықтың, жерлестірінің салт-дәстүріне айналған мәдени-таримхи мұраларды зерттеу арқылы мектеп оқушылары мен педагогтарының шығармашылық әлеуеттерін зерделеу және бағалау болды. Облысымыздағы керемет көрікті жерде Ақмола облысының барлық өңірінен келген оқушылар бас қосты. Біздің мектептен 6 «А» сынып оқушылары Кабильдинова Д., Капашева А., 9 «А» сынып оқушысы Кайроллаева Д., 10 сынып оқушысы Канафиева Д. қатысты. Фестиваль үш номинация бойынша өтті. Балалар өз тобында Атбасар тарихы, қаланың мәдени ескерткіштері жайлы айтып, туған өлкелері бойынша саяхат бағыты мен сол бойынша жол бастаушы әзірледі. Конкурс ұйымдастырушылары фестивальге қатысушыларға Бурабай өңірі бойынша саяхат ұйымдастырды. Балалар Абылайхан алаңына, Иманай бұлағына барды. Бөлектау басына шығып, құс ұшатын биіктен Бурабай маңайын тамашалады. Дәл осы жерде өңірдің барлық сұлулығы көрінеді. Орталыққа қайтып келген фестивальге қатысушылар эссе арқылы өз эмоцияларымен бөлісті. Фестиваль жұмысының қорытындысы бойынша біздің мектеп қатысушылары сертификаттармен марапатталды.
Ерекше сұлулығымен, көрікті көлдерімен, биік тауларымен, қалың орманымен тамсандырған көгілдір Көкше жеріндегі осы сапар балалардың жүрегінен кең орын алып, естен кетпес әсер қалдырды. Осындай мүмкіндікті ұсынғаны үшін Атбасар ауданы білім бөлімінің басшысы Н.Г. Наймушина шексіз алғыс білдіреміз.
Утеуова А.Б.