Текст
«Балапан» мектеп алаңының бүлдіршіндері бүгін «Менің сүйікті қалам» атты поэзия еліне саяхат жасады. Балалар Қазақстан ақындарының поэзиясымен қызығушылықпен танысып, туған жер, қала, Отан туралы сүйікті өлеңдерін бар ынтасымен оқыды. Шара соңында балалар ұжымдық жұмыс – «Менің сүйікті қалам» коллажын аяқтады. Шығармада балалар өздерінің көңіл-күйлерін, сезімдерін, сүйікті қаласына деген сүйіспеншіліктерін жеткізді.
Тәрбиеші Т. Альбрехт