01.10.2019
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан...
Әдетте адамдар күзі осылай қабылдайды. Жаздың жылы күндері аяқталып, сіркіреп жауған жаңбыр, суық жел, сұр бұлттың уақыты келді. Десек те, біздің мектепттің оқушылары күзді дәл осылай қабылдамайды. Күздің қызған шағында, күзгі демалыс алдында, күз мезгіліне арналған дәстүрлі мерекелік шаралар өткізіледі.
1 қазан күні бастауыш мектепте «Здравствуй, Осень, золотая!» атты мәнерлеп оқу конкурсы өткізілді. Оған 1, 2 сыныптардың оқушылары қатысты. Бұл шараның алдында «Күз сыйы»-«Дары осени» атты көрмеұйымдастырылған болатын. Бүгінгі мерекеге сиқырлы Күз қонаққа келді. Ол оқушыларға түрлі жұмбақтар жасырды, балалар оны белсене шешті. Содан кейін конкурс басталды. Балалар жылдың керемет мезгілі туралы өлеңдер оқып, күз мезгілінің сұлулығын жырлады. Күздің сиқырлы күші, оның адам жанын баурап алатын ерекше керемет сұлулығы мен адамға берер тылсым сезімі мен әсері жайлы айтылды.
Конкурс нәтижесі:
Бас жүлде-Комбарова Виктория (2 «А» сынып)
1 орын - Петухова Анастасия (1 «А» сынып)
2 орын - Абенова Анель (2 «Б» сынып)
3 орын - Леонтьева Виктория (1 «Б» сынып)
Конкурсқа қатысушылардың бәрі грамоталармен марапатталды.
Нурмагамбетова И.Г.