«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Биологияның заманауи сабағы

08.10.2019

Білім беру Тұжырымдамасында мектеп түлектері шетел тілдерін сапалы игеруі тиіс деп көрсетілген.  Ғылым мен техника үдемелі дамып отырған жағдайда  қажетті теориялық және тәжірибелік  білім, білік, дағдыларды  барынша толыққанды әрі жан-жақты  игеру үшін шетел тілдерін білу талап етіледі және бұл өмірлік қажеттілік. Осы талаптарға сүйене отырып, заманауи мектеп ағылшын тілін үйренудегі коммуниукативтік дағдыларды дамыту бағытында мектеп белсенді жұмыс атқаруда. Сөйтіп,  №1ОМ 9 «Б» сыныбында  биология сабақтары ағылшын тілінде өткізіледі.  7 қазан күні ағылшын  тілінде оқытудың  барысы мен оның табыстылығын байқау үшін: «Greenhouse effect» тақырыбына сабақ өткізілді. Бұл сабаққа ментор, ағылшын тілі мұғалімі   Актаева  Акерке  Канатовна қатысты. Сабақ жаңартылған білім беру мазмұнының барлық талаптары мен нормаларын ескере отырып  құрылды.  Сабақтың құрылымында пайдаланылған тапсырмалар  сәйкестігімен ерекшеленді.  Биология мұғалімі  Даржанова А.О. қолданған   оқытудың белсенді стратегиялары оқушыларды бағыттады және алға қойған мақсаттарға қол жеткізудегі қызметтерін түзетті.  Берілген тақырыпқа бейнесюжет қарау  сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау стартері болды. Әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар, ақыл-ой, жадыны дамытуға бағытталған  «Crossing the river» ойын,  рефлексия  бәрі тақырып бойынша мықты білім алуға  бағытталды.сабақта жұмыстардың алуан түрлері: топтық жұмыс, жұппен жұмыс, жеке жұмыс жүргізілді.   Сабақ аса жоғары әдістемелік деңгейде ұйымдастырылды, қатысқандардың тарапынан жақсы пікірлер айтылды. 

 

Просмотров: 486


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст