Текст
2022 жылдың 20 шілдесінде «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ-нің «Прометей» аула клубының алаңында күш гимнастикасы және секіргішпен секіру бойынша сабақтар өтті. Балалар қолды бұғу және созу, 1 минутта пресс, гимнастикалық баспалдақпен көтерілу, 1 минутта секіргішпен секіру жаттығуларына қатысып, бар күштерін салды. Жаттығуларды орындамас бұрын балалар қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты тыңдады. Сабақта балалар сергектік пен жақсы көңіл-күй қуатын алды.