Оқушылардың жазғы демалыс кезінде бос уақытын тиімді ұйымдасыру мақсатында,
оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту үшін«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ 18.07.2022-29.07.2022 аралығында қазақ тілінен лингвистикалық алаңының бірінші ауысымы жұмыс жасауда .
«Қазақ тілі» лингвистикалық алаңының мақсат-міндеттері:
Күтілетін нәтиже:
Балалар жазғы демалыс кезінде сабақтан тыс материалдарды қолданады;
Жаңаша көңілмен демалады, өзіне күш жігер жинап, білімін арттырады;
Басқа да балалармен қарым – қатынас жасайды, сыни ойлау қабілеті дамиды және олардың жаңаша ақпаратпен толықтыруына жағдай жасалады.
Бүгін балалар үстел ойындарымен, олардың атауы, ойын ережесімен танысты. Сонымен қатар белгілі тақырыптар бойынша диалог құрастырып, грамматикалық тапсырмаларды карточка арқылы жасады. Жұмыс соңында «Алты ойшыл қалпақ» әдісі бойынша алған білімдерін бекітті. 8 «А» сынып оқушысы, Посухова Ангелина, өз идеясын қолжетімді түрде жеткізіп, жеңіске жетті.
Балалар үйлеріне жақсы көңіл-күйде оралды.
Бүгінгі күн қызықты да сәтті өтті деуге болады.