09.10.2019
Күздің керемет бір күні О "В" сынып оқушылары күзгі саябаққа танымдық саяхат жасады, онда мақсат мектепке дейінгі жастағы оқушылардың күзгі өзгерістер мен құбылыстар туралы түсініктерін қалыптастыру, кеңейту және көзбен көріп тамашалау болды. Сонымен қатар, таза ауада серуендеп, денсаулықты нығайту табиғатты тамашалай отырып, оны корғауға, сүюге баулу және табиғатқа, айналасына, бір-біріне қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу, тірі табиғатқа оның қыры мен сырын білуге деген қызығушылықтарын арттыру көзделді. Балалар саяхат кезінде күз мезгілі туралы сабақта алған алғашқы түсіінктері мен білімдерін бекітті, өсімдіктер мен олардың өсу ортасындағы өз ара байланысты белгілеуге үйренді. Саяхат алдында балалармен жол бойындағы, көшедегі, серуен кезіндегі қозғалыс қауіпсіздігі, табиғат аясында дем алу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша әңгіме өткізілді. Балалар таза ауада жүріп, жақсылап дем алып, жайланып қайтты және жыл мезгілдері туралы алған білімдерін бекітті. Саяхаттан қайтқан балалардың көңіл-күйлері керемет, жарқын эмоциялары мен алған әсерлері бал-бұл жанған түрлерінен көрініп тұрды!
Коянбаев В.Т.