09.10.2019
1 «Б» сынып оқушылары белсене қатысқан күзгі шара «Осень, Осень, в гости просим!» деп аталды. Далада күз болғанымен, сынып ішінде қызу-думан, жанға жайлы атмосфера орнаған. Балалар күз туралы әсем әндерді шырқады, тартымды өлеңдер оқып, жалынды билерін биледі. Мереке барысында балалар түрлі ертегі кейіпкерлері мен тәтті қызанақ, көңілді асқабақ пен тентек лаққа айналды. Балалар мерекесі – шаттық толы күлкі, шат-шадыман орта сондықтан да күздің қоңыр салқыны еш бөгет бола алмайды. Балалар алтын түсті жапырақтарды тамашалап, күздің сіркіреп жауған жаңбыры астында қол шатырсыз, резеңке етікпен жүруден тайынбайды. Сонысымен де күз қызықты, балапандардың ең сүйікті жыл мезгілі!
Бастауыш мектептегі қандай мереке болса да керемет қызықты ортада, таңғажайыптар мен шынайы риясыз көңілмен, сан алуан бояға, балалардың шаттық күлкісіне толы болып өтеді.
Мереке ойдағыдай өтті! Оның соңында ата-аналар балаларға арнап шай дастарханын ұйымдастырды. осы мерекені ұйымдастырып, өткізуге көмектескені үшін Ата-аналар. Комитетіне алғыс білдіргім келеді.
И.Чернова