10.10.2019
9 қазан күні «Лакомка» кондитерлігінің ойын залында балаларға арналған таңғажайып мереке- Мейірімділік күні өтікізлді. Бұл мерекеге Атбасар ауданының барлық мектептерінен мүгедек балалар шақытылды. Атбасарского района. Аталмыш шараға мейірім шуағы мен жүрек жылуын ала келген көптеген қонақтар қатысты. Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Бекбаев А.Б., білім бөлімінің басшысы Наймушина Н.Г.-жиналғандарға жүрек жардды лебізідрені білдірді.
«Атбасар қаласы № 1 орта мектебі» КММ артистері Тутычев Матвей, Кабильдинова Елара, Серебрянская Ангелина, Акаева Малика, Молодикова Юлиялар сахыналаған «Золушка» ертегісі мерекеге ерекше әр берді. Онда: мейірімді болу, бір-біріне көмектесу, егер айналада мейірімі мол, тәлімгер адамдар көп болса, ең зұлым деген адамның өзі де мейірімді болады деген тәрізді тәрбиелеу даналығы кеңінен ашылды: Бұндағы ойындар, билер, әндер сауықтар бәрі керемет қызықты болды. Оысының бәрін ұйымдастыруға 7 «А» сыныптың көшбасшылары: Власова Юлия, Диденко Виолета, Шариков Данил, Садвокасова Анель, Бездетная Виалетта, Асаева Марем ұйымдастырды. Осы арада орнаған жылы да қайырымды орта, балалардың шат күлкісі, көздеріндегі бақыт ұшқыны жиналғандардың бәрін шабыттандырды. Мейірімділік күні қуаныш, мейірім, керемет көңіл-күй атмосферасында өтті.
Балалар өздерінің ойлары мен тілектерін, алғыстарын жазған алуан түсті стикер –қарлығаштар Тілек ағашына қондырылды.
«Лакомка» кондитер цехының меңгерушісі Папушена Т.В. жасаған тәтті стол балалар үшін нағыз тосын сый болды. Атбасар ауданы іскер әйелдер Кеңесінің төрайымы Токарева Е.С. балаларға тәтті сый әзірледі.
Мейірімділік күні біздің мемлекетіміздің балаларға деген нағыз шынайы қамқорлығын тағы бір көрсетіп, ұрпақтан – ұрпаққа берілетін қайырымдылықтың нышанына айналды.