Текст
Бүгін 5тамыз күні қазақ тілі бойынша лингвистикалық ауысым оқушыларымен ұлттық ойын "Асық ату" тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты:ұлттық ойынды насихаттап үйрету,ұлттық ойындар арқылы оқушыларды белсенділікке, тапқырлыққа, дәлдікке, күштілікке тәрбиелеу. Сабақ ойын түрінде мектеп алаңында,ашық аспан астында өткізілді. Сабақ басында балаларға ұлттық ойын "Асық ату"ойыны мен ережесі туралы қысқаша мәлімет беріліп,қалай ойнайтынын түсіндірілді. Сабақта оқушыларға асық түрлері, асық тұрысы атаулары туралы да ақпарат берілді. Сонымен қатар"Асық ату" ойынын топқа бөлініп ойнады. Ойын барысында оқушылар өздерінің белсенділіктерін,тапқырлықтары мен дәлдіктерін көрсете білді.Балалар ойынды қызығушылықпен көтеріңкі көңіл күймен ойнады.