15.10.2019
Баланың қолдарының ұсақ моторикасын дамыту керектігі жайлы әр ересек адам біледі. Және ұсақ моторика баланың сөйлеуіне тікелей әсер ететінін де біздің көпшілігіміз білеміз. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту ойлаумен, байқағыштықпен, жадымен тікелей байланысты.
4 «А» сынып оқушылары өздерін шығармашылық жұмыста сынап көргілері келіп, көңілдерін көтеру үшін қолдан жасалған бұйымдардың шағын көрмесін ұйымдастырмақшы болды. Балалардың біреулері сурет салса, екіншісі аппликация жасауға ниет білдірді, ал қей балалар мүсіндеумен айналысты.
Маркер Любовь Михайловна