«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Күз мерекесі

16.10.2019
Күзгі балл кезінде қаншама керемет естеліктер мен қызықты оқиғалар балалар жүрегіне орнайды.  Өйткені, сан алуан бояуымен, теңдесі жоқ атмосферасымен баурап алатын сүйікті мереке –Алтын Күз  оқушылардың асыға күтетін сәті. Мектепте күзгі балл өткізу игі дәстүрге айналған.  
15 қазан күні «№1орта мектеп» КММде  5-7 сыныптардың оқушыларына арналған күзгі мереке өтті. Қызықты, тартымды  конкурстық бағдарлама шараға қатысушыларға өздерінің таланттары мен қабілеттерін көрсету мүмкіндігін ұсынды.  Конкурсқа қатысқан тоғыз сүйкімді қыз  «Күз аруы – 2019» атағын иеленуге талпынды. Балалардың мерекеге жақсы дайындалғанын атап өту керек. Әр қыз өзінше бірегей, өзінше ерекшелігімен, тамаша өнерімен  баурап алуға ұмтылды.  Күзгі қиял мен  нөмірлердің  алуан түрлілігінде шек болған жоқ.  Оны жиналған көрермендер, жанкүйерлер  өздерінің ду қол шапалақтарымен қызу қоштап бағалады. Конкурстар арасында музыкалық нөмірлер қойылды.  Мектептің мейірімі мен жылылыққа толы қабырғасы балаларға керемет көңіл-күй сыйлап, ырғақты музыка аясында тербеді.  Бірінен бірі асқан өнерлі, сүйкімді қыздардың өнері мен қарымын бағалау оңайға түскен жоқ. Дегенмен сайыстың аты сайыс, бағалау керек. Тәуелсіз қазылар алқасының мүшелері әр қатысушыны лайықты бағалады. «Күз аруы – 2019» атағы ең кішкентай қатысушы 5 «В» сынып оқушысы  Диль Полинаға берілді; 2 орын 7 «А» сынып оқушысы Власова Юлия ; 3орын  7 «Б» сынып оқушысы  Даниелян Астгикке бұйырды. 
 
Күзгі мерекеге қатысушылардың бәрі  номинациялар бойынша грамоталармен марапатталды: 
 
«Мисс Грация» - Нечепуренко Алина
«Мисс Очарование» - Гребенщикова Алина
«Мисс Оригинальность» - Лысенко Виктория
«Мисс Креативность» - Шумилина Дарья
«Мисс Артистизм» - Филимова Дарья
«Мисс Обаяние» - Буряк Вероника
 
Әрине,  мереке оны өткізуге ауқымды үлес қосып, балаларға тағамдар жасау, костюмдер дайындауда  қызу қолдау, бірегей қиял  көрсетуші, қиял  ата-аналарсыз өтпейтіні белгілі. Біздің мектептің мұғалімдері мектептегі әр күн шексіз қуаныш әкелетініне  сенімді. Ол үшін - ұйымдастыру, ойластыру, іздестіру, жаңалық ашу арқылы біз өзіміз өз өмірімізді жақынырақ, қызықтырақ етуге тиіспіз…
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Просмотров: 521


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст