Текст
Абай Құнанбаевтың есімі қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Қазіргі қазақ әдебиетінің негізін салушы бола отырып, ол өз халқының мәдениеті мен білімін дамытуға зор үлес қосты. Әйгілі тобықтының тумасы әділдіктің, адалдықтың, адамгершіліктің тұлғасына айналды. Оның аудармаларының арқасында орыстың атақты ақындарының есімдері қазақ даласында естілді. Абай өз мемлекетіне рухани тәрбиенің қайнар көзі бола отырып, орыс пен қазақ халқының арасындағы достық көпірін салды. Ол сан алуан тақырыпты қамтитын көптеген еңбектер жазды. Жарқын туындылардың бірі – « 45 қара сөздері ».45 сөздің ішінде барлық даналықты, адам құндылығын, халық өмірінің мәнін, маңызын қамтыды. Ұлы данышпанның өмірлік ақыл-кеңесі – халық үшін баға жетпес қазына.