18.10.2019
16 қазан күні « № 1 орта мектеп» КММде 8-11сынып оқушылары арасында күз мерекесіне арналған «Күз аруы» конкурсы өтті.
Мектеп мерекесі – шаттық күлкі, керемет көңіл-күй. Әдетте күз салқын, ызғарлы жыл мезгілі деп айтс ақ та, аяқ астындағы сары ала жапырақтарға, сіркіреп жауған жауынға шаттанып, қолштармен қыдырудың өзі де керемет.
Сондықтан да күз балалардың асыға күтетін жыл мезгілі. Мерекелік шараға құрамында ата-аналар комитетінің төрайымы АбаеваЗайнар Магомедовна, мектеп хореографы Манукьян Виктория Юрьевна, бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі Позднякова Татьяна Викторовналар болған құзыретті қазылар алқасы қатысты.
Даладағы күннің суығына қарамай, мерекелік зал ішінде керемет жылылық, шаттық, қуаныш атмосферасы орнады. Конкурсанттар: Гельвих Злата, 8 «А» сынып оқушысы, Терещук Елизаветы, 8 «Б» сыныпқушысы ОмербаеваЖанель, 8 «В» сынып оқушысы, Кийко Алина, 9 «А» сынып оқушысы Юсупова Ася, 9 «Б» сынып оқушысы, Серебрянская Ангелина 10 сынып оқушысы - өздерінің біліктерін, таланттары мен актерлік шеберліктерін жан-жақты көрсетті.
Мерекеге қатысушылардың бәрі асыға күткен сәті - «Күз аруы-2019» жеңімпазын таңдау болды. «Күз аруы-2019» атағын 9 «Б» сынып оқушысы Юсупова Ася мен 10 сынып оқушысы Серебрянская Ангелина жеңіп алды Гельвих Злата құрметті екінші орынды иеленді. Жеңімпаздар диадема, грамота, тәтті сыйлықтар алды. Қалған қатысушылар түрлі номинациялар бойынша грамоталармен марапатталды.