24.10.2019
2019 жылдың 23 қазан күні Назарбаев зияткерлік мектебінің өкілдерімен №1ОМте 10 түрлі пәндердің мұғалімдеріне арналған «Дифференциация обучения как средство индивидуализации на уроках» тақырыбындағы семинар-тренинг өткізілді. Семинар жұмысына Атбасар ауданы мектептерінен 10 пән бойынша 230 мұғалім қатысты.
Семинар-практикум барысында Назарбаев зияткерлік мектебінің оқытушылары жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында жұмыс жасау бойынша мастер-класс беріп, әріптестерімен іс-тәжірибе бөлісті. Екінші кезең – Екінші кезең – тәжірибелік тренинг түрінде өтті, онда аудан мұғалімдері топтарға бірігіп, алған білімдерін дескрипторлар критерийлеріне сәйкесетін тапсырмалар құру кезінде қолданды. Оқыту семинары педагогтар үшін жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы керемет диалогтік алаңқайға айналды.