24.10.2019
«Тоғыз құмалақ» қазақ халқының ежелгі ойындарының бірі болып табылады. Бұл арнайы тақтайда екі адам арасында ойналатын, логика мен түйсікті жаттықтырып, ойлау мен шыдамдылықты дамытатын ойын. Ойынның басты мақсаты — ойын ұяшықтарындағы құмалақтарды алып-сала отырып, өз «қазанына» барынша көп құмалақ жинау. Жиналған құмалақтар жинақ ұяшығына салынады. Ойыншылар ойынды кезектесіп ойнайды. Асық-ату – зияткерлік сипаттағы қазақтың ежелгі ұлттық ойыны. Бұл ойынды ойнау үшін ептілік, көз қырағылығы, қимыл үйлесімі, мергендік, жылдамдық, ойлағыштықпен қатар, тактикалық және логикалық ойлау қабілеттері дамыған болу керек.
№1ОМте Тоғыз құмалақ», «Асық-ату» ұлттық ойындар бойынша мектепішілік жарыстар өткізілді. 5-9 сыныптардың оқушылары белсенді қатысты. Денетәрбиесі мұғалімдері мықтыларды 2019 жылдың 25 қазаны күні өтетін аудандық жарыстарға іріктеп алды. Оқушылармызыға келешек кемел жетістіктер тілейміз!