25.10.2019
Қазан айының жоспарын орындау мақсатында 25 қазанда күні «Айналайын» шағын орталығында «Қарлығаш» тобында күз мерекесіне арналған «Сиқырлы күз» ертеңгілік өтті. Балалар өздерінің өнерлерін ортаға салды. Бүлдіршіндер күз туралы тақпақтар, үш тілде ән айтты, би биледі. «Сиқырлы күз» мерекесіне Күз ханшайымы қонаққа келіп балаларға өзінің күзгі жемістерін сыйлады, жұмбақтар жасырып, «Кім жылдам?», «Күз белгісі неде?» ойындарын ұйымдастырды. Тәрбиешілер әр түрлі кейіпкерлердің рольдерін орындады. Алтын күз, Әтеш, Қоян. Ертеңгілігіміз өте қызықты және көңілді өтті. Балалардың орындауындағы «Бұлттар», «Жапырақ» биілер өте сәтті болды.
Күз мерекесі қатысушыларға да, көрермендерге де өте қатты ұнады. Біз бұл күзге ризамыз, себебі достыққа, қуанышқа толы күзгі мереке барлығымызды жинады. Мерекені өткізудің басты мақсаты – тәрбиеленушілер санасына күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенін жеткізу. Әр үйдің дастарханын әнге, қойманы дәнге толтыратын алтын да жомарт күз мезгілі табиғаттың ең берекелі уақыты. Молшылықтың бастауы, сары ала жапырақтардың сарғайғанын әсем кейпін келтіретін кезі, күннің қысқарып, түннің ұзаруы осындай жарқын шақтарды балаларға үйрету тәрбиенің негізі. Мереке қызықты, әрі көңілді өтті, балалрға өте ұнады. Міне осындай мерекелер, іс-шаралар балаларды дұрыс тәрбиелеуге бағыт сілтейтініне нық сенімдіміз.
Тәрбиешілер: Жакупова А. А. Дүйсенбі Н