«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тарихи-өлкетану мұражайына саяха

29.10.2019
29 қазанда біздің мектептің 11-сынып оқушылары қаламыздағы тарихи-өлкетану мұражайына барып, Атбасар қаласының тарихымен , табиғатымен танысты. 
1911 жылы құрылған Атбасар тарихи-өлкетану музей ғимараты (көпес А.Беловтың тұрған үйі)  – тарих және сәулет ескерткіші.  1978 жылы 5 қараша күні музейдің ірге тасы қаланды. 1919-20 жылдары осы ғимаратта 1-ші уездік революциялық комитеті  орналасқан.
Мұражай қызметкерлері ерте заманда осы жерде ат базары болғанын, сондықтан Атбасар деп аталған деп бастады әңгімелерін. Бұл жердің табиғаты өте керемет. Екі қабатты мұражай 12 залдан тұрады.Жануарлар мен құстарды қызықтаған балалар енді жер аударып келген славян халқының тұрмыстық заттары мен Тың игеру жолдары, Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен танысты. Залда ауданымыздың археологиялық картасы,ежелгі адамдардың тастан жасалған құралдары көрсетілген.
Жаңадан ашылған залда ауданымыздың ардагерлері мен зейнетке шыққан Құрметті азаматтары жайлы бейнетаспа көрсетілді. Музейдің ірге тасын қалаушы Әмірова Клара Әмірқызы мәдениет саласының және халық ағарту ісінің үздігі, өлкетанушы. 
Экспозицияның негізгі орнын қазақ халқының мәдениеті, тұрмысы, зергерлік бұйымдары, ұлттық киімдері, киіз үй жабдықтары алады.
Оқушылар тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлеріне өз алғыстарын білдіріп, үлкен қуанышты күймен тарқасты.
 
11-сынып жетекшісі Исина Гүлназ Рысбайқызы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Просмотров: 714


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст