30.10.2019
Бүгінгі мектептің күн санап келбеті өзгеріп келеді. Бұл ең алғашқы кезекте қазақстарндық білім беру саласында болып жатқан өзгерісчтермен байланысты.
Мұғалімдер алдында: «ақпараттандыру дәуірінде қалай оқыту керек??», «Білім сапасын қалайша арттыруға болады, сабақта алған білімдері оқушыға бәсекеге қабілетті тұлға болуға көмектесе ме?» деген сияқты сан аулан проблемалар тұр.
Қазақстан Республикасындағы жаңартылған білім беру мазмұны өз алдына: мұғалімдердің жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы педагогикалық шеберліктерін көтеру және критериалды бағалау жүйесін енгізу мақсатын көздеп отыр. . 29 қазан күні № 1ОМте: «Дифференциация и индивидуализация обучения как один из факторов повышения качества образования» тақырыбындағы педагогикалық кеңес отырысы өткізілді. Д.Г. Левитастың «Все дети могут успешно учиться, если школа умеет учить» сөздері отырыстың басты ұраны болды.
Отырыс күн тәртібіне сәйкес өткізілді. Мәжілісте қалыптастырушы бағалау, дарынды балалармен жұмыстардың бағыттары, мектеп үлгермеушіліктерінің себептері және оларды болдырмау жолдары, сонымен бірге, «ҚР Тілдер туралы» Заңын орындау туралы маңызды мәселелер қаралды. Оқу ісінің меңгерушісі Батченко О.Н. 1-ші тоқсанның қорытындысымен таныстырды.