30.10.2019
Қазақ жері ықлым заманнан бері мейірімділік пен қайырымдылық дәстүрлерімен танымал. Осындай игілікті істерімен Отанымыздың талай –талай танымал тарихы бар десеңізші ! Осындай мейірім мен қайырымға толы игі істер қазіргі заманауи кезеңде де айзаймай, жалғасын тауып жатқаны қуанарлық жайт. 2019 жылдың 29 қазаны күні №1ОМте керемет адамдардың жүрек жылуымен жылынған керемет шара өтті. Оның барысында адамдар өмірдің қиын жағдайындағы балаларға жан-жылуын, сүйіспеншілік, мейірім, жылылық, қамқорлық сыйлады. «Спасибо за доброе сердце!» деп аталған бұл шара Қорғаншылар күніне орайластырылып, керемет деңгейде өткізілді. Қиындыққа душар болған балаларға сезімін сыйлауға уақыт тауып, оларға қамқорлық көрсеткен алтын жүректерімен аялаған абзал жандар әр балаға шынайы лебізін, сезімін сыйлады.
Шара барысында отбасылармен командалық жұмыс жүргізілді, онда барлығы жабылып қызықты ойындар ойнады, көңілді әндерді шырқады, ал біздің мектептің оқушылары келген қонақтарға арнап отбасы, махаббат пен жылылық, мейірімділік туралы өлеңдер оқыды.
Әр отбасы атқарған жұмыс қорытындысына қарай тәтті тосын сый түріндегі марапатқа ие болды. Әр баланың жанына жақын, жүрегінің төрінен кең орын алатын, өздерін туған елі мен сүйікті отбасының лайықты, сүйікті азаматы ретінде сезіну мүмкіндігін беретін осындай шаралардың өткені қандай ғанибет. Біз балалар мен қорғаншыларға мықты денсаулық, мейірім және түсіністік тілейміз. Мейірімнен әрдайым мейірім туындасын, бұл дәстүр мәңгілік болсын!
Асаева А.