31.10.2019
«Асық ату» ұлттық ойыны елімізде тәуелсіздікпен қайта оралған ойынның бір түрі. Бүгінгі күні ол жай спорттық ойын ғана емес,спорттық жарыстардың дәстүрлі – атрибутына айналып, ең бұқаралық спорт түрі болып отыр. Тұңғыш Президентіміз Нұсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұлттық ойындарды жаңғыртуға үндеді. Асық ату – балалардың басты ойыны. Бұл –ата-бабамыздан қалған ежелгі ойын түрі, оны біздің ата-аналарымыз да ойнаған, сондықтан құрметпен қарау керек. Тоғыз кұмалақ – үстел үсті ойыны. Ол үшін қолдан жасалған ерекше тақта қолданылады. Оның екі үлкен және он сегіз кішкентай ұяшығы болады кішкентай ұяшықтарда тоғыз кішкентай құмалақ болу керек, Дұрыс қойылған жүріс басты рөл атқарады. Ойын соңында есебі барынша мықты болған адам ұтып, жеңіске жетеді
25 қазан күні №7ОМте ұлттық спорт түрлері: «Тоғыз кұмалақ», «Асық ату», № 8ОМт «Жастар» Спартакиадасы бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы шеңберінде, Атбасар ауданының жалпыбілім беретін мектептерінің 2002-2004 жылы туылған және одан кіші жастағы оқушылар арасында аудандық спорттық жарыстар өткізілді. №1ОМ оқушылары аталған жарыстарға асқан қызығушылық танытып, белсенді қатысты. «Асық ату» бойынша команда құрамында Сакен Нуржан 6 «В» сынып, Каргаполова Анжелина 8 «В» сынып, «Тоғыз кұмалақ» бойынша команда құрамында - Дершан Никита, 7 «А» сынып Кенжебаева Диана, 8 «А»сынып оқушылары болды. Біздің мектептің ойыншылары лайықты ойын көрсетті! Ұлттық спорт түрлері бойынша келесі жарыстарда сәттілік тілейміз.