«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Орыс тілі сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту

08.11.2019
Функционалдық сауаттылық дегеніміз-  тұлғаның ең аз дегенде,  нақты бір мәдени  ортада өмірлік қызметтерді жүзеге асыру үшін қажетті болатын  әлеуметітк қарым-қатынастарын қамтамасыз етерлік белгілі білім, білік, дағдылар деңгейі.  Білім алушылардың  жеке сипаттарын, қажеттіліктерін, шығармашылық сұраныстарын, ескере отырып  сапалы білім алумен қамтамасыз ету үшін шығармашыл тұлға қалыптастыру  педагогтың  басты    миссиясы. Өзіндік жетіле алатын және өздігінен білім ала білетін , оқи білетін  шығармашыл, әрі белсенді тұлға ғана заманауи білім берудің заңына бағынады. Орыс тілі  мектептік заманауи білім берудегі гуманитарлық  циклдың басты пәні.  Пән бойынша үйренілетін  теориялық мәліметтер тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді.  Өзімнің  педагогикалық қызметімде мен келесі: жеке-тұлға -бағытты, мәдени-бағытты,  қайраткерлік-бағытты тұрғылардың принціптерін сақтаймын.  Функционалдық сауаттылықты дамытуға дәстүрден тыс сабақтар да,  жеке жұмыстар да, дифференцивті тұрғы да әсер етеді. Олар сабаққа, жалпы оқу үдерісіне деген қызығушылықты арттырады. Дәстүрден тыс сабақтардың бірнеше түрі мен классификациялары бар. Десек те, оның сан алуандығы мен тиімділігіне қарамай, дәстүрден тыс сабақтардың  жеке сәттерін қолданған дұрыс. Бұл сөздік  диктанттары болуы мүмкін. Қызықты ұсынылған сөздік диктанттары тиімді игеруге көмектеседі, мектеп оқушыларының маңызды  зияткерлік сипаттарын және сөйлеу-ойлау дағдыларын  дамытады. Түрлі  орфограммаларды үйрену кезінде қиын сөздер аукционын өткізуге болады. Ауызша да жазбаша да өткізуге болады. Этимологиялық білімге мүйене отырып, балалар өздерінің сөздік қорларын белсендіреді. Аталған сөздер қайталанбайтындықтан, өткізілетін түрлі жаттығулар жадыны, есті дамытады. 
дидактикалық ойындар немесе   фрагменттер сабаққа қызығушылықты арттыру және  функционалдық сауаттылықты дамытуға   қолайлы. Балаларды При включении детей в ситуацию дидактикалық ойын ситуациясына жұмылдыру кезінде оқу қызметіне, үйреніп жатқан   материалға деген қызығушылық күр өсіп, олар балалар үшін барынша  түсінікті бола түседі, оқушалардың жұмыс қабылеттері артады. Бұл: «Четвёртый лишний», «Слабое звено», «Найди лишнее слово», «Закончи предложение» тәрізді ойындар. 
Дидактикалық ойындардың бір түрі лингвистикалық ертегі ойлау.  сказки.  Функционалдық сауаттылықты арттыру келешегінің жоспарымда жобалық және зерттеушілік қызметтер қаралады. Ол аудиторияның сын тұрғысынан ойлауын, зерттеушілік қабелеттерін тиімді дамытуға ықпал етеді, білім алушылардың шығармашылық қабілеттері мен шығармашылық қызметтерін белсендіреді.  Зерттеушілік қызмет оқудың әр кезеңінде табиғи қызығушылықты ынталандырып, сұрақтарға жауап табу үшін ұйымдасқан зерттеушілікпен айналысуға жетелейді, сөйтіп, өзіндік қызмет жасауға үйренумен қатар, зерттеп жатқан матиералды барынша терең қарауға құлшындырады. Алға қойылған мақсат- міндеттерге сай   бүгінгі күні мұғалімнің білімдік үдерістегі орын мен рөлі де өзгеруде. Мұғалім тек пәнді оқытушы және  бақылау   функциясын орындап қана қоймай, сыныптьағы білімдік үдерістің ұйымдастырушысы, менеджері болуы тиіс деп ойламын.  Ол  шаралар циклы мен білім алушылардың командалық қызметтерін ұйымдастыра отырып, ақпарат көздерін анықтап  және олардың қол жетімділігін қамтамасыз ете отырып, білім алушылар ұжымы ішінде қызметтестік атмосфера құра отырып білімдік ортаны қалыптастыруы тиіс.
 
Токтарова Г.К.
Просмотров: 806


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст