11.11.2019
2019 жылдың 11 қарашасы күні «№1орта мектеп» КММде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы тарих апталығының ашылуы өтті.
Бұл шараның мақсаты-мектепте аса жоғары адамгершіл, жауапты, бастамашыл және әлеуметті құзырлы азамат пен патриоттың қалыптасуы үшін жағдай жасау болды. Мектеп директоры Бекова Л.Г. жиналғандарға өз тілегін білдірді. Ол білім алушыларды Отандарын сүюге, Қазақстан Республикасының лайықиты азаматтары болуға үндеді.
Пәндік апталықтың ашылуын жүргізушілер оқушыларды шараларды өткізу жоспарымен таныстырды, оның ішінде: дөңгелек үстел отырыстары, тарихи-өлкетану мұражайына саяхат, кітап көрмелері, ашық сабақтар бар. Мектебімізде пәндік апталық өткізу дәстүрге айналған. Оның барысында оқушылардың пәнге қызығушылықтары артады, білім алушылардың шығармашылық әлеуеттері көрінеді. Бұндай шараларды өткізуге оқушылардың көптеген бөлігі жұмылдырылумен қатар, білімдік және тәрбиелік міндеттер іске асырылады.