2022 жылдың 23 қыркүйегінде мектебімізде Елбасы мен Ұлан басының «сайлауы» өтті. Бұл шараның алдында елеулі жұмыстар атқарылды. Сайлауға дайындық шарттары шынайыға барынша жақындастырылып өтті. Сайлаушылар 2-11 сынып оқушылары болды, сайлауға дауыс беруге құқығы барлардың жалпы санының 90%-ы қатысты. Сайлау өтті деп жарияланды. Сайлау науқанының барлық негізгі кезеңдері қарастырылды: мектеп сайлау комиссиясын құру; кандидаттарды ұсыну; кандидаттарды қолдау үшін дауыстарды жинау, кандидаттарды тіркеу; науқан кезеңі; дауыс; дауыстарды санау. Шешім мектеп әкімшілігімен келісілді. Дауыс беру кезінде оқушылардың жоғары белсенділігі атап өтілді, бұл олардың мектеп өміріне деген қызығушылықтарын көрсетеді. 6 лайықты үміткердің ішінде 10-сынып оқушысы Сергей Стригун жеңімпаз атанды. Ұлан басы болып 8-сынып оқушысы Поначев Никита тағайындалды. «Ақмола облысы білім басқасқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің оқушылары көпшіліктің еркін таңдай отырып, бүгін – мектептің, ертең – елдің тағдырына осылайша ат салысты.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Наймушин Д.Г.