Текст
2022 жылдың 27 қыркүйегінде мектеп педагог –психологы Дауренбекова Г.Е. Адамның үйлесімді дамуы Ұлттық институты ұйымдастырған суицидтің алдын алу бойынша ұлттық вебинарға қатысты. Психологтарға суицидтің алдын алу бойынша ақпарат берілді. Спикерлер жасөспірімдер суицидінің ерекшеліктеріне де тоқталды. Суицидке әкелетін қауіп факторлары туралы сұрақтар қойылды.