15.11.2019
2019 жылдың 13-14 қарашасы күндері Көкшетау қаласында "11 сыныптарға арналған жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқулықтар презентациясы» тақырыбына обылстық семинар өттті. Семинардың мақсаты: 11 сыныптарға арналған жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендермен таныстыру болды. Семинарға қатысушылар қатарында облыстық-оқу әдістемелік кабинет әдіскерлері, Ш. Уәлиханов атындағы универсмтеті оқытушылары, Ақмола облысының жалпыбілім беретін мектептерінің мұғалімдері, соның ішінде, Атбасар ауданының мұғалімдері болды. Пленарлық мәжілісте семинарға қатысушылар алдына оқулықтарға сараптама жасау және ұысыныстар шығару міндеттері белгіленді. Семинардың 19 пәндік секциясында 475 қатысушы жұмыс жасады. Атамұра, Алматыкітап, Мектеп, Арман ПВ, Көкжиек-Горизонт, Жазушы, Macmillan Education, Express Publishing, StudyInn, MM Publications, Oxford University Press, Келешек-2030 баспаларының авторлары 11 сыныптарға арналған жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқулықтар презентациясын өткізді. Оқу құралдарының авторлары жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқу құралдарының құрылымы мен тұжырымдамасына, бағдарламалық материалдарды мазмұндау ерекшеліктеріне тоқталды.
Сараптамашылар, семинарға қатысушылар әр оқулықты жіті зерделеп, оның жағымды, жағымсыз тұстарын анықтады, жас ерекшеліктеріне сәйкестігін, эстетикалық талғамға сай безендірілгенін атап өтті, оқу құралдарының авторларына ұсыныстар жасалған хаттамалар тапсырылды. .
Семинар тиімді, өнімді өтті, оқулық әр оқушының білім сапасына әсер етуші маңызды фактор екенін әр ұстаз жақсы түсінеді.