15.11.2019
9 «А» сынып оқушылары Ларионова Алена мен Голубоярова Вероника 14 қараша күні №5 ОМТе өткен, аудандық мектеп Ассамблеясының: "Волонтёрство как способ активизации жизненной позиции"тақырыбындағы отырысына белсенді қатысты. Мектеп оқушылары Экспо-2017 шарасына белсенді қатысқан еріктілермен кездесті. Олар еріктілердің жұмысының маңыздылығын қызықты түрде әңгімелеп берді. Содан кейін оқушылар топтарға бөлініп "Какими качествами должен обладать волонтёр? "Tақырыбына класстер құрды және қойылған сұрақтарға өздерінің жауап нұсқаларын ұсынды. Ассамблеяға қатысушылар волонтерлардың атқарған жұмыстары туралы презентацияны қарады.
Оқушылар өз еріктілер тобын құруға ерекше ниет білдірді, оның тақырыбын белгілеп, ұранын ойлап шығарды және жұмыс жоспарын құрды. Аудандық мктеп Ассамблеясының жұмыс қорытындысы бойынша ең белсенді қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.