15.11.2019
Қабілетті оқушыларды анықтау, ауыл мектептері оқушыларының шығармашылық, танымдық, зияткерлік бастамашылықтарын белсендіру IQanat жалпыбілімдік бағдарламасының басты міндеттерінің бірі. Бағдарлама мақсаты-ауыл мектептеріндегі балаларды ынталандыру, мотивациялау, оларды ұлттық және шетелдік ЖООна түсуде бірдей. қолжетімділікпен қамтамасыз ету және қолдау көрсету. Бағдарлама Қазақстан өңірлері бойынша іріктеу олимпиадаларын өткізуден және еліміздің, шет елдердің жетекші жоғары оқу орындарына грантқа түсуге және стипендия алуға дайындаудан тұрады.
Сөйтіп, 2019 жылдың 14 қарашасы күні «Атбасар қаласы №1орта мектебі» КММде IQanat республикалық олимпиадасының 1-ші кезеңі өткізілді, оған Атбасар ауданының елді мекендердегі мекетптерінен 55 оқушы қатыстыу. Олимпиада 4 білімдік пәндерден: математика, физика, ағылшын тілі және ана тілінен эссе түрінде өткізілді. Олимпиадаға қатысушылардың келешек білімдерінің мықты іргетасы болатын бір пәнді таңдау мүмкіндігі болды.
Олимпиаданың облыстық үйлестірушісі,Ақмола облысының инклюзивті білім беруді дамыту бойынша Кеңесінің төрағасы, саяси ғылымлардың кандидаты Марат Өмірбайұлы Ибраев олимпиаданың салтанатты ашылуында қатысушыларды құттықтап, игі тілегін білдіріп, олимпиаданың іріктеу кезеңі мақсат-міндеттерімен, өткізу ережелерімен таныстырды.
«Атбасар ауданының білім бөлімі» ММнің басшысы Наймушина Наталья Георгиевна балаларға үздік жетістік, жеңіс, жақсы нәтиже тіледі
Жақсы тсөз, игі тілекпен қанаттанған Атбасар ауданының талантты балалары тапрысрмаларын орындау үшін №1ОМ аудиторияларына тарқасты.
IQanat олимпиадасы – аудан мектептерінің оқушыларына мемлекетіміздің, оның аумағынан тыс жерлердегі ең үздік деген оқу орындарына түсу, онда білім алу алу үшін өздерінің қарым-қабілеттерін танытуға ұсынылып отырған тамаша мүмкіндік.