Бірінші сынып оқушылары кітап әлеміне қызықты саяхат жасады.Мектептің кітапханашысы Д.А.Конурбаева кітапхананы пайдаланудың негізгі ережелерімен таныстырды, түрлі-түсті безендірілген кітап көрмелеріне ерекше көңіл бөлінді. Сондай-ақ балаларға кітапты дұрыс ұстау, кітапты таңдау, абонементте және оқу залында өзін қалай ұстау керектігі айтылды. Балалар «абонемент», «оқу залы» дегеннің не екенін, әр кітап өз орнында екенін және кітапханада кітаптар қандай принцип бойынша орналасатынын білді. Балаларға «Жаңалықтарымыз», «Жазушылар мерейтойы», «Тіл – халық байлығы», «Табиғатты аялайық», «Дені саудың тәні сау», «Ертегілер еліне саяхат» тақырыптарындағы кітап көрмелері ұсынылды. Сондай-ақ, оқушыларға жолда жүру ережелері бойынша материалдар беріледі. Оқушылардың назарына балалардың ой-өрісін кеңейтуге ықпал ететін «Буккроссинг» көрмесінің сөрелері ұсынылды. Оқушыларды балаларға арналған ертегілер орналасқан жарқын сөре қызықтырды. Саяхаттың мақсаты оқушыларды – кітапхана, кітап қоры, кітапхана бөлімдері атты негізгі ұғымдармен, кітапханадағы өзін-өзі ұстау ережелерімен таныстыру болды.