18.11.2019
2019 жылдың 18 қарашасы күні «№1орта мектеп» КММнің конференц-залында география апталығының салтанатты ашылуы өтті.
Бұл шара оқушылардың география сабақтары мен дүниені және тылсым кеңістікті танып білуге деген қызығушылықтарын ояту мақсатын көздеді. Мектеп директоры Бекова Л. оқушыларды апталықтың басталуымен құттықтады. Ол географияны ғылым негізі ретінде оқымайынша адамнің өмір сүруі мүмкін емес деп атап көрсетіп, аталған ғылымды терең білуге құлшындырды. Жүргізушілер жиналғандарды география апталығын өткізу жоспарымен таныстырды. Бүкіл апта бойы түрлі конкурстар, сыныптан тыс шаралар, ашық сабақтар өткізіледі. Бұндай шараларды өткізу оқушылардың шығармашылық әлеуеттерін ашады, сабаққа қызығушылықтары мен белсенділіктерін арттырады. Географиялық білімсіз дүние, өмір, адамның қызметі туралы дұрыс түсініктерді қалыптастыру қиынға соғады. Адамның өзіндік саналы ісінде география философиямен, тарихпен қатар жүреді, ол адамның дүнетанымын қалыптастыруға қатысады.