12 қазанда аудандық мәдениет үйінде бірінші сынып оқцшыларына арналған дәстүрлі мереке өтті. Зал ішінде мейірімді және жылы атмосфера орын алды. Мерекенің алғашқы минуттарынан бастап балалар музыка әлеміне бойлап, би билеп, көңілді сәттерді бастан өткерді. Балалар тек қарап қана қоймай, сонымен бірге іс-шараға белсенді қатысты. Бәрі қойылған сұрақтарға жауап беруге қызығушылық танытты. Мереке соңында балаларға тәтті сыйлықтар таратылды. Оқушылар жарқын эмоциялар алып, бойларына күш-жігерді жинады, осы мерекеден керемет ұмытылмас әсер алды. Балалардың алдында білім жолындағы ұзақ әрі қиын жол тұ, бірақ ол жарқын оқиғаларға толы болады. Барлық бірінші сыныптардың оқушыларына білім теңізін жүзіп өтуде сәттілік тілейміз!
Смагулова Г.К.