21.11.2019
2019 жылдың 20 қарашасы күні «Атбасар ауданы білім бөлімінің Атбюасар қаласы №1 орта мектебі» КММде аудандық ата – аналар ассоциациясының отырысы өткізілді, оған мектептердің педагог - психологтары, әлеуметтік педагогтары және мектеп ата - аналар комитеттерінің төрағалары шақырылды. Отырыстың тақырыбы: Құқықбұзушылық және балаларға қатыгездік көрсетудің алдын алу мәселелері» болды. Аталмыш отырысқа «Атбасар ауданының білім бөлімі» ММ басшысы Наймушина Н.Г., аудандық ата – аналар ассоциациясының төрайымы Садвокасова Б.М., «Атбасар көпбейінді ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ МКК психологы Жаксылыкова Г.С., ювеналдық полиция тобының учаскелік инспекторы Рахимжанов Б.Т. қатысты. Отырыс жұмысын білім бөлімінің басшысы Наймушина Н.Г.ашты.
Рахимжанов Б.Т жиналғандарды Атбасар ауданы бойынша кәмелетке толмағандармен жасалған құқықбұзушылық статистикасымен таныстырды. Жаксылыкова Г.С. аудан мектептері оқушыларының өмірінен түрлі мысалдар келтіре отырып, отырысты жалғастырды.
Бұдан әрі Тимашевка ОМ психологы Мирошниченко И.М. сөз алды, ол балалар мен ата – аналар қатынастарының ережелеріне тоқталды.
Аталған бағыттағы аса өзекті проблема бойынша аудандық ата – аналар ассоциациясы төрайымы Садвокасова Б.М., психолог Старцева Т.А. В сөйледі, ол «отбасында қатыгездік көрген, әлімжеттіліктің құрбаны болған балалар әдетте, осыны үлгі деп біліп, өздерінің ересек өмірлеріне ала келіп, өздері де күш көрсетіп жатады» деп атап көрсетті.
Сонымен қатар, Старцева Т.А. жиналғандарды күш көрсетудің түрлерімен таныстырды, аталған тақырып бойынша ата – аналармен ж.ргізуге болатын жұмыс түрлерін әріптестеріне көрсетті.
Отырыс жұмысы тағы да бір өзекті мәселенің шешімін табу баспалдағына айналды.
Білім бөлімінің басшысы Наймушина Н.Г. отырыс жұмысын қорытындылады. Ол аталған проблеманы шешудегі ата ата – аналардың міндеттеріне ерекше назар аударып, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудегі маңызды проблеманы шешуде ата – аналар қауымдастығын өзара түсіністік пен ықтымақтастық танытуға үндеді.