21.11.2019
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы мен «Nur Otan» партиясының 2030 жылға дейінгі «Әл- ауқатты қоғам: он жылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасының мақсаты тұрғындардың цифрлық мемлекетке көшу және тұрғындардың цифрлық сауатттылығын арттыру болып табылады.
2019 жылдың 21 қарашасында «Атбасар ауданы білім бөлімінің Атбасар қаласы №1 орта мектебі» КММ де қызметкерлерді egov.kz порталынан анықтамалар алуға үйретті.
Черных В.С. Egov.kz жұмыс порталында қандай қызмет түрлерін дербес алуға болатыны туралы толық ақпарат берді:
1) тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;
2) жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
3) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама;;
4) соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;
5) өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама.
Мектепте ұйымда бір рет қолданылатын пароль арқылы өзіне-өзі Egov.kz қызметін көрсету бұрышы құрылды.