26.11.2019
26 қараша күні №1 ОМнің конференц-залында 9,10,11 сыныптардың оқушылары «Атбасар ауданаралық көпбейінді ауруханасы» ШЖҚ МКҚК нарколог– психолог дәрігері Сайфонов Рафаель Каюмовичпен кездесті. Дәрігер Дүниежүзілік ВИЧ /СПИДпен күрес күні аясындағы шаралар шеңберінде, « XXIғасыр обасы» деп аталып кеткен сырқаттың басты себебі есірткі заттарын қолдану болатыны жайлы мазмұнды әңгімелеп берді. Оқушылар оның деңгейлерін, адамның денсаулығына физикалық және адамгершілік тұрғыда келтіретені зардабы мен зияны туралы білді. Әдетте, татып көрейік деген оймен бір тал темекі болса, кейін әдетке айналады. Жастық шақта жігіттер компанияға қабылдану кезінде өздерінің жалған ересектігін көрсетуге тырысады. Осыдан барып алкоголь пайдалану, бейәдеп, өмір салты қалыптасып, адамдар есірткі сатушылардың құрбандларына айналады . Бейәдеп өмір салтына бой алдырмау үшін қызығушылықты анықтап, спортпен шұғылдану керек, дұрыс ойлап өмірлік мақсаттарды көздеп алған жөн.
Оқушылар үшін мамандармен кездесу қызықты, әрі маңызды. Дәрігер-нарколог Сайфонов Рафаел Каюмович оқушыларға ой салу үшін өз тәжірибесінен көптеген мысалдар келтірді, әр адамның өмірі өз қолында, сондықтан дұрыс ресурстарды пайдаланып, өз ағзаларын шынықтырып, денсаулыққа зиянды әдеттерден бас тарту керектігін айтты.