29.11.2019
Тәуелсіз Қазақстанның тарихы Ұлт Көшбасшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің өмірі мен қызметі патриоттық сезімге тәрбиелеудің жарқын өнегесі.
29 қараша күні 1-4-ші сыныптарда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған бірыңғай тақырыптағы: «Современный Казахстан. Уроки Лидерства Елбасы» сынып сағаттары өткізілді, оның басты мақсаты-Тұңғыш Президент–Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасыуындағы рөлінің маңыздылығын айқындау болды.
Сынып сағаттары мемлекеттік гимнмен басталды. Балалар еліміздің әнұранын ерекше мақтанышпен және патриотизмге толы сезіммен орындады.
Оқушылар Тұңғыш Президентіміздің өмірбаянындағы қызықты фактілер туралы айтты, Президент, Қазақстан туралы өлеңдер оқыды. Бейнероликтерді көріп болған соң, білімдерін бекіту үшін «Я лидер» ойыны өткізілді. Ойыншыларға ширақтық, елгезектік, ерекше назар, реакция жылдамдығын көрсетуге және сұрақтар болгында шыдамдылық танытуға тура келді.
Сынып сағаттарында, 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті сайланғаны, Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы, мемлекеттің тұтастығын, Конституцияның қорғалуын қорғалуын қамтамасыз етуші, азаматтардың құқықтары мен еркіндігіне кепіл беруші-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті–Н.Ә. Назарбаев болғаны жайында айтылды.. Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың жетістіктері халық тарапынан шексіз құрмет тудырады және сенімге лайықты. Жиналғандар шара соңында: барлық шараларды шынайы іске асыру, республиканың өсіп–өркендеуі, біздің республикамыздағы азаматтардың барлық армандары мен тілектерінің орындалуы үшін әрқайысымыз өз үлесімізді қосуымыз керек деген тұжырым жасады.